Қазақстан • 06 Қазан, 2017

ҚР СІМ Владимир облысындағы жол апатына қатысты пікір білдірді

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясының Владимир облысында жол апатына ұшыраған Қазақстаннан шыққан автобусқа қатысты пікір білдірді.

ҚР СІМ Владимир облысындағы жол апатына қатысты пікір білдірді

«Владимир облыстық ТЖМ-нің мәліметтеріне сүйенсек, тіркеу номері UDA668 Mercedes маркалы жолаушылар автобусы аталған өңірде ірі жол көлігі апатына ұшырады», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов Фейсбуктегі парақшасында.

Мәліметтерге қарағанда, жол көлік апаты салдарынан 15 адам қаза тауып, 5 адам ауруханаға жеткізілді. Автобуста барлығы 55 адам болған. «Зардап шеккендер Петушинскідегі аудандық клиникалық ауруханаға жеткізілді.  Қазіргі уақытта Ресейдегі қазақстандық дипломаттар қаза тапқандар мен зардап шеккендердің тұлғалары мен азаматтығын анықтап жатыр», - дейді Әнуар Жайнақов.

 Айта кетейік, ҚР СІМ Ресей Федерациясының Владимир облысында болған ірі жол апатында қазақстандықтар қаза болды деген ақпаратты тексеріп жатқандығы туралы хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10

Монакодан ұтылды

Теннис • Бүгін, 07:55